БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық спортшылар батуттағы гимнастикадан Әлем кубогында қола жүлде алды

Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдегер атанды.

Аралас синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов жұбы 49.680 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл сында жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50.330) жеңімпаз атанса, күміс жүлде ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцеваға (50.290) бұйырды.

Осылайша, қазақстандық спортшылар халықаралық жарыста кезекті мәрте ел қоржынына медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button