ҚЫСҚЫ СПОРТ
Мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетуін бастады

19 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды.
Қазақстан атынан алғаш болып Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті.
Спортшылар мұздағы биден 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін бақ сынауда.
Ырғақты бидің қорытындысы бойынша олар 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтады.
Бірінші орынға Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) жайғасты — 80,92 ұпай.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 21 қыркүйекте өтеді.
Ал ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.