Спорт Министрі | «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн жарияланды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн жарияланды

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін тарихи матчқа билеттердің сатылым мерзімін жариялады. Мадридтің «Реал Мадрид» командасына қарсы ойынға билеттер 23 қыркүйек күні, сағат 17:00-де сатылымға түседі.

Билеттерді fckairat.com, Qairat SuperApp және ticketon.kz сайттарынан алуға болады. Әр жанкүйерге екі билеттен артық берілмейді. Сатып алу кезінде ЖСН немесе төлқұжат деректері көрсетілуі тиіс. Бұл мәліметтер стадионға кірген кезде мұқият тексеріледі.

Клуб мәліметінше, билеттердің бағасы УЕФА-мен келісілген және жалпы кезеңдегі барлық өз алаңындағы матчтарға бірдей. Баға аралығы 30 000 – 250 000 теңге болып бекітілген. Мұндай саясат турнирдің мәртебесі мен ойындарға деген жоғары қызығушылықты айғақтайды.

Матч Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұл кездесуге 60-тан астам шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button