Спорт Министрі | Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте жоғарылады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте жоғарылады

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады.

17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізіп, бірден 29 сатыға жоғарылап, қазір 25-орында тұр. Биыл ол жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді.

Әмір Омарханов өз нәтижесін сақтап, 28-орында қалды. Ал Дамир Жалғасбай үздік 50 спортшының қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ол 65-ші орынға көтерілді. Даниэль Тазабеков болса 122-орынға жайғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button