
Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальді ұлттық құрама қоржынына салды.
Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақта жүлдегерлер қатарына қосылды.
Елдана Тәліпова ширек финалда жаңа зеландиялық Элин Даниэль Ли-Лоны айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.