
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сағындық Тоғамбай кезекті жеңіске қол жеткізді.
90 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жүрген ол бұл жолы ирландиялық Джек Марлимен күш сынасты. Алғашқы раундтан-ақ басымдық танытқан Тоғамбай төрешілердің бірауызды шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Сағындық Тоғамбай жартылай финалға жолдама үшін шаршы алаңға шығатын болады.