
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Гүлсая Ержан алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол 1/8 финалда литвалық Ивета Лесинцкитемен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте шешуші үшінші раундта басымдық танытқан Гүлсая Ержан 3:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.