
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.
Ертуған 65 келіге дейінгі салмақтың 1/16 финалында франциялық Уго Граумен күш сынасты.
Отандасымыз үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Бірінші раундта франциялық боксшы басым түсті. Дегенмен, Ертуған Зейнуллинов екінші және үшінші раундта лайықты қарсылық танытып, жеңісті суырып алды.