ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енді.
Ол 250,7 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың жеңімпазы — польшалық Адам Нижник (268,3 ұпай), ал екінші орынға словениялық Эней Фалетич (266,1 ұпай) тұрақтады.