
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде Брайан Ортиспен (Мексика) қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.