
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгия – Қазақстан ойыны 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде өтеді.
Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Қарсыластардың жағдайына тоқталсақ, Бельгия құрамасы үш ойында жеті ұпай жинаса, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт матчтан кейін үш ұпай бар.