
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасының төрт өкілі ел намысын қорғайды.
Күндізгі бағдарлама (15:00, Астана уақыты)
- 70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан – Ислам Ячи (Алжир). Бұл – Төреханның ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі.
Кешкі бағдарлама (22:00, Астана уақыты)
- 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Донета Садику (Косово).
- 75 келіге дейін: Надежда Рябец – Лина Уанг (Қытай).
- 60 келіге дейін: Бейбарыс Жексен – Джунмилардо Огаири (Филиппин).
Қазақстандық боксшылар үшін бүгінгі күн маңызды сын болмақ.