
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы болды.
Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда ол 13-ші нөмірлі теннисші, ресейлік Тимофей Дерепасконы сенімді ойын өрнегімен ұтты. Матч 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.
Финалға жолдама үшін Заңғар ITF Juniors рейтингінің көшбасшысы, болгариялық Иван Иванов пен германиялық Максим Шонхауэс арасындағы кездесу жеңімпазымен күш сынасады.