
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова алғашқы кездесуін сәтті аяқтады.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол грек спортшысы Панагиота Кузилумен жекпе-жек өткізді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.