Спорт Министрі | Әлем чемпионаты: бүгін екі қазақстандық боксшы рингке шығады
БОКС

Әлем чемпионаты: бүгін екі қазақстандық боксшы рингке шығады

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі өз жекпе-жектерін өткізеді.

  • 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова грек боксшысы Панагета Кузилумен кездеседі.
  • 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін венгриялық Лука Хамориге қарсы өткізеді.

Екі кездесу де күндізгі сессияда, Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button