
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Қазақстандық боксшы 65 келіге дейінгі салмақта Лука Хаморимен (Венгрия) жұдырықтасты.
Венгриялық спортшы бірінші раундта басым түсті. Бірақ Аида Әбікеева қалған екі раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.