Спорт Министрі | Заңғар Нұрланұлы US Open жасөспірімдер турнирінің ширек финалына өтті
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Заңғар Нұрланұлы US Open жасөспірімдер турнирінің ширек финалына өтті

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына шықты.

Ол үшінші кезеңде ITF Juniors рейтингінде әлемде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Айта кетейік, финляндиялық спортшы ATP рейтингінде 991-сатыда орналасқан.

Матч барысында Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен ұтылғанымен, кейінгі екі сетте айқын басымдық танытты — 6:1 және 6:2.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button