
Матч «Астана Аренада» өтті. Ойын алдында ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге шабан жауып, құрмет көрсетілді.
Ойынның 24 минутында қонақтар есеп ашып, сол нәтижені соңына дейін сақтап қалды.
Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 3 ұпаймен төртінші орында тұр.
Қазақстан – Уэльс 0:1 (0:1)
Гол: Мур 24
Ескерту: Малый 80 – Уильямс 90+2
Қазақстан: Анарбеков (Қ), Вороговский, Малый, Қасым, Әліп (К) (Жақсыбаев 81), Қайыров, Оразов (Мужиков 86), Қасабулат, Кенжебек (Чесноков 65), Самородов (Жұмат 86), Сатпаев (Өміртаев 87);
Қосалқы құрам: Сейсен (Қ), Шайзада (Қ), Астанов, Жагоров, Қараман, Халматов, Свиридов;
Бас бапкер: Әли Әлиев.
Уэльс: Дарлоу (Қ), Уильямс, Дэвис (К), Лоулор, Мефам (Кабанго 86), Томас (Брукс 77), Шихэн, Каллен (Джеймс 77), Уилсон, Джонсон (Джеймс 64), Мур (Харрис 64);
Қосалқы құрам: Дэвис (Қ), Кинг (Қ), Кпакио, Норрингтон-Дэвис, Колвилл, Крю, Кумас, Колвилл;
Бас бапкер: Крейг Беллами.
Төрешілер: Алехандро Эрнандес, Хосе Наранхо, Диего Санчес, Хосе Луис Мунуэра (бәрі – Испания)