Спорт Министрі | «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Алматының «Қайраты» мен Мадридтің «Реалы» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы ойынға билеттер қыркүйектің 20-ларынан бастап сатылымға шығарылады.

Ойынға қазірдің өзінде 60-тан астам бұқаралық ақпарат құралының өкілдері аккредиттелген.

Журналистердің шақыру билеттеріне қатысты сұрағына жауап берген ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев олар жоғары лауазымды тұлғалар мен VIP-қонақтарға арналатынын айтты. Мұндай билеттердің саны мен таратылу тәртібін «Қайрат» клубы шешеді. Қонақтарға арналған арнайы аймақтар да стадионда қарастырылған.

Сондай-ақ вице-министр жанкүйерлерді алаяқтыққа жол бермеуге шақырып, билеттерді тек ресми таратушылардан — «Қайрат» футбол клубының сайтынан алуды ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button