
– Ұлттық құраманың матчтарын асыға күттім. Жігіттер бір-бірін сағынып қалғаны байқалады. Бәрі ертеңгі ойынға тас-түйін дайын. Жаттығуларда барымызды салып, бапкерлік штабтың тапсырмаларын орындап жүрміз. Ертең біртұтас әрі жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін.
– Нұралы, сіз құраманың капитаны болуға дайынсыз ба?
– Бас бапкер айтқандай, бұл мәселені бүгін кешке команда болып шешеміз. Егер мені капитан етіп тағайындаса, әрине, мойныма үлкен жауапкершілік артылмақ. Көп жыл бойы Асхат ағамыз капитан болды. Егер капитан болсам, алаңда да, оның сыртында да көшбасшы болуға тырысамын.
– Ойынға дайындық қалай өтіп жатыр? Көңіл-күй қандай?
– Ұлттық құраманың базасына әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен келемін. Ал жігіттерге келер болсақ, бәрі 100% дайын.