ФУТБОЛ
Әли Әлиев: «Жігіттерге де, жанкүйерлерге де тек алғыс айтамын»

«Мұндай матчтан кейін ой қорыту қиын. Ойын басында басымдық қарсыласта болдық. Бірақ кейін ойынды түзедік. Бірінші таймда айтарлықтай сәт болған жоқ, тек шыдау керек еді. Ал екінші таймға арналған жоспарымыз бар болды: жасанды алаң, жанкүйерлердің қолдауы, қарсыластың шаршауы – соған сүйендік.
Екінші таймда түзетулер енгізген соң жігіттер ойынды жандандырып, біз күткен нәрсені көрсете бастады. Өкінішке қарай, бүгін де Солтүстік Македониямен ойындағыдай жолымыз болмады. Бірақ сәттілік еңбек арқылы келеді.
Жігіттерге, жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Бүгін команда қолдауды сезінді. Біз жанкүйерлерімізді жақсы көреміз. Өкініштісі, доп қақпа сызығын кесіп өтпеді: соңғы екі ойында бес рет бағанға тидік», – деді Әлиев.