
АҚШ-та өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open-2025 турнирінде Қазақстан теннисшісі Заңғар Нұрланұлы жоғары деңгейде өнер көрсетуде.
17 жастағы спортшы қазіргі таңда ITF Juniors рейтингінде 54-орында тұр. Турнирдің екінші айналымында ол Польша өкілі, юниорлар арасындағы әлемнің 13-ракеткасы Алан Важныйды 6:4, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші өзіне сенімді ойын көрсетіп, қарсыласына басымдық бермеді.
Үшінші айналымда Зангар Финляндия өкілі Оскари Полданиуспен кездеседі. Қарсыласы қазіргі уақытта ITF Juniors рейтингінде 8-орынды иеленіп отыр.