
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Али Алиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльспен өтетін ойынға арналған баспасөз мәслихатында команданың жағдайына тоқталды.
Алиевтің айтуынша, футболшылар оқу-жаттығу жиынына жоғары көңіл-күймен және үлкен ынтамен келген. Бапкерлер штабы ойыншылардың өнер көрсетіп жүрген қалаларына барып, олардың физикалық және тактикалық тұрғыдан ілгерілеуін байқаған.
Дегенмен, құрама толық құрамда болмайды. Еркін Тапалов шеміршегінен жарақат алып, алдағы матчқа қатыса алмайды. Сондай-ақ Ислам Чесноковтың жағдайына байланысты шешім Уэльс және Бельгиямен болатын ойындардың стратегиясына сай қабылданбақ.
Қазақстан — Уэльс матчы 4 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.