Спорт Министрі | US Open: Елена Рыбакина жарыстан шығып қалды
ТЕННИС

US Open: Елена Рыбакина жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында жеңіліп, жарысты жалғастыра алмады.

Ол бұл кезеңде чехиялық Маркета Вондроушовадан 4:6, 7:5, 2:6 есебімен ұтылды. Ойын бір сағат 51 минутқа созылды.

Рыбакина матчта 5 эйс жасап, 3 брейк жасай алды. Ал қарсыласы 13 эйс пен 5 брейкпен ерекшеленді.

Осылайша, Елена жарыстың ширек финалына өте алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button