
Қазақстанның теннисшісі Анна Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына (1/8 финал) жолдама алды.
Олар румыниялық Моника Никулеску мен латвиялық Анастасия Севастова жұбын 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Матч бір сағат 9 минутқа созылды. Данилина – Крунич дуэті 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды.
Келесі қарсыластары кейінірек белгілі болады.