Спорт Министрі | «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты.

Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы жауапты матчта алматылықтар шотландиялық «Селтикпен» кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды — 3:2. Алғашқы кездесу де тең аяқталған болатын (0:0).

Матчтың шешуші сәтінде «Қайраттың» 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше көзге түсіп, пенальти сериясында үш бірдей соққыны қайтарды.

Осылайша, «Қайрат» өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button