Спорт Министрі | «Қайрат» пен «Селтик» қарымта ойынын бүгін өткізеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» пен «Селтик» қарымта ойынын бүгін өткізеді

Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчы өтеді. Қазақстанның намысын қорғап жатқан «Қайрат» командасы өз алаңында Шотландияның «Селтик» клубын қабылдайды.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталуы 21:45-ке жоспарланған.

Кездесуге Маурицио Мариани бастаған италиялық төрешілер бригадасы төрелік етеді. Бұл — «Қайрат» үшін маусымдағы ең маңызды ойындардың бірі болмақ.

Алғашқы матч Шотландияда өткен болатын. Қарымта кездесуде алматылық жанкүйерлер өз командасынан ерлік күтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button