
Нью-Йоркте басталған беделді US Open-2025 турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина сенімді жеңіске жетті.
Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған отандық теннисші америкалық Джульетта Парехадан айқын басым түсті — 6:3, 6:0. Әсіресе екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм бермей, Рыбакина өз шеберлігін толық көрсете білді.
Келесі кезеңде Елена Чехия елінің өкілі Тереза Валентовамен (WTA №96) кортқа шығады. Бұл кездесу де қазақстандық жанкүйерлер үшін аса қызықты болмақ.