Спорт Министрі | Астанада шорт-тректен Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Астанада шорт-тректен Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді

11-15 қыркүйек аралығында Астанада шорт-трек спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді. Бұл турнир ұлттық құрама үшін маңызды іріктеу кезеңі болмақ.

Жарысқа елдегі үздік спортшылар мен ұлттық құрама көшбасшылары қатысады. Турнир қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынатын халықаралық турнирлерге қатысатын негізгі құрама жасақталады.

Айта кетейік, Олимпиада лицензиялары халықаралық рейтинг пен турнирлердің нәтижесіне байланысты беріледі. Сондықтан бұл чемпионат бапкерлер үшін спортшылардың дайындығын бағалап, шешуші таңдау жасауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button