Спорт Министрі | Алматыда жаңа халықаралық стадион салынады
ФУТБОЛ

Алматыда жаңа халықаралық стадион салынады

Алматыда заманауи, халықаралық талаптарға сай жаңа стадион салынбақ. Бұл арена УЕФА-ның 4-санат стандарттарына толық сәйкес келеді және 35 мың көрерменге арналған.

Жаңа стадион Құлжа мен Талғар тасжолдарының арасында, шамамен 15 гектар аумақта бой көтереді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қайрат» футбол клубы ойындарын өткізіп жүрген Орталық стадион да қайта жаңғыртудан өтеді.

Бұл бастама — Алматының футбол инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, қалада халықаралық турнирлер өткізуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button