Спорт Министрі | Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға шақырылған құрамы жарияланды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға шақырылған құрамы жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Уэльс және Бельгия құрамаларына қарсы ойындарға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.

Құрамаға шақырылған ойыншылар:

Қақпашылар:

  • Мұхаммеджан Сейсен («Астана»)

  • Темірлан Анарбеков («Қайрат»)

  • Бекхан Шайзада («Ордабасы»)

Қорғаушылар:

  • Әлібек Қасым («Ақтөбе»)

  • Ян Вороговский («Астана»)

  • Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)

  • Наурызбек Жагоров («Тобыл»)

  • Еркін Тапалов («Қайрат»)

  • Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (барлығы – «Ордабасы»)

Жартылай қорғаушылар:

  • Ислам Чесноков («Тобыл»)

  • Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей)

  • Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы – «Елімай»)

  • Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі – «Оқжетпес»)

  • Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»)

  • Бағдат Қайыров («Ақтөбе»)

  • Дамир Қасабулат («Қайрат»)

Шабуылшылар:

  • Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»)

  • Максим Самородов («Ахмат», Ресей)

  • Дастан Сатпаев («Қайрат»)

  • Иван Свиридов («Елімай»)

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанада басталады. Қыркүйек айында команда екі маңызды кездесу өткізеді:

  • 4 қыркүйек: Қазақстан – Уэльс (Астана Арена, 19:00)

  • 7 қыркүйек: Бельгия – Қазақстан (қонақта)

Уэльске қарсы матчтың билеттері Ticketon.kz сайтында сатылымда.


Басқа жаңалықтар

Back to top button