Спорт Министрі | Юлия Путинцева US Open турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті
ТЕННИС

Юлия Путинцева US Open турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының (US Open) екінші айналымына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 55-орында тұрған Путинцева алғашқы айналымда Италия өкілі Элизабетта Кочареттомен (WTA №85) кортқа шықты. Қарсыласы бірінші партияда 4:1 есебімен алға шыққанымен, Юлия камбэк жасап, қатарынан бес гейм алып, сетті өз пайдасына аяқтады — 6:4.

Екінші сет те тартысты өтті. Тай-брейкке ұласқан кезеңде Путинцева жинақылық танытып, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

  • Ойын 1 сағат 56 минутқа созылды

  • Путинцева 10 брейк-пойнттың 5-ін тиімді пайдаланды

  • Кочаретто 3 эйс жасап, 8 мүмкіндіктен 4 брейкке қол жеткізді

Енді Юлия екінші айналымда ресейлік Анна Калинская (WTA №29) немесе америкалық Клерви Нгунуэмен (WTA №178) кездесуі мүмкін.

Осылайша, отандық спортшы ұзаққа созылған алты матчтық жеңілістер сериясын тоқтатып, үлкен дулыға турнирінде сәтті старт алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button