Спорт Министрі | Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды: Қазақстан атынан кімдер қатысады?
БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды: Қазақстан атынан кімдер қатысады?

4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін World Boxing аясындағы бокстан әлем чемпионатының толық кестесі белгілі болды. Бұл жарыс әлемдегі ең мықты былғары қолғап шеберлерін анықтайтын беделді турнирлердің бірі.

Жарыс кезеңдері:

  • 4-10 қыркүйек – Іріктеу кезеңі

  • 12-13 қыркүйек – Жартылай финал

  • 13-14 қыркүйек – Финалдық бәсекелер

Қазақстан әйелдер құрамасы

Бас бапкер Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасы 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі:

  • 48 кг – Назым Қызайбай

  • 51 кг – Алуа Балқыбекова

  • 54 кг – Элина Базарова

  • 57 кг – Карина Ибрагимова

  • 60 кг – Виктория Графеева

  • 65 кг – Аида Әбікеева

  • 70 кг – Наталья Богданова

  • 75 кг – Надежда Рябец

  • 80 кг – Гүлсая Ержан

  • +80 кг – Елдана Талипова

Қазақстан ерлер құрамасы

Қайрат Сәтжанов баптайтын ерлер құрамасында да мықтылар жиналған. Негізгі үміт тәжірибелі спортшыларға артылып отыр:

  • 50 кг – Санжар Тәшкенбай

  • 55 кг – Махмұд Сабырхан

  • 60 кг – Бейбарыс Жексен

  • 65 кг – Ертуған Зейнулинов

  • 70 кг – Төрехан Сабырхан

  • 75 кг – Сабыржан Аққалықов

  • 80 кг – Нұрбек Оралбай

  • 85 кг – Бекзат Нұрдәулетов

  • 90 кг – Сағындық Тоғамбай

  • +90 кг – Айбек Оралбай

Басқа жаңалықтар

Back to top button