Спорт Министрі | Анна Данилина АҚШ-та WTA 250 турнирінің чемпионы атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Анна Данилина АҚШ-та WTA 250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінде жұптық сында жеңіске жетті.

Финалдық кездесуде Данилина/Крунич дуэті Қытайлық Тайбэй мен Қытайдан келген теннисшілер — Хао Чин Чань мен Синью Янь жұбын 7:6 (7:3), 6:4 есебімен ұтты.

Бұл Анна Данилина үшін WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы 14-ші титул.

Басқа жаңалықтар

Back to top button