
Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 санатындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жеңіске жетті.
Аталмыш шешуші ойында Данилина мен Крунич жұбы Қытайлық Тайбэй елінің өкілі Хао Чин Чань және Қытайдан келген Синью Яньмен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 7:6 (7:3), 6:4.
Бұл Анна Данилина үшін WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы 14-ші титулы. Оның еншісінде:
-
1 WTA 1000,
-
2 WTA 500,
-
8 WTA 250,
-
және 3 WTA 125 турнирінің жеңісі бар.
Осылайша, қазақстандық теннисші халықаралық ареналарда тағы бір ірі жетістікке қол жеткізді.