
Биылғы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты бокстан 12–19 қазан аралығында Семей қаласында өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен тәжірибелі спортшылар қатысады деп күтілуде.
Чемпионат барысында әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша үздіктер анықталады. Қазір нақты кімдер шаршы алаңға шығатыны белгісіз, дегенмен бәсеке тартысты өтеді деп болжануда.
Ұлттық құрама Англиядағы әлем чемпионатына дайындалуда
Айта кетейік, қыркүйек айында Ливерпуль қаласында (Англия) World Boxing ұйымы аясында әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы дайындықты бастап кеткен. Боксшылар қазір Алматы облысында жаттығып жатыр, ал 26 тамызда олар Ұлыбританияға жол тартады.
Сол жерде, Шеффилд қаласында, әлемнің 10-нан астам елінен келген боксшылар қатысатын бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл туралы ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
— Шеффилдтегі жиынға Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия және Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде. Бізден әр салмақ дәрежесі бойынша 4 үздік спортшы барды, — деді бапкер.