Спорт Министрі | Тимофей Скатов Италияда өткен турнирде чемпион атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Тимофей Скатов Италияда өткен турнирде чемпион атанды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен ATP Challenger сериясына кіретін турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде Скатов жергілікті спортшы Стефано Травальяны үш сетте — 7:6, 0:6, 6:2 есебімен жеңді. Ойын 2 сағат 45 минутқа созылды.

Бұл жеңіс Скатовқа 12 980 еуро жүлде қаржысын және ATP рейтингінде 75 ұпай әкелді.

Тимофей Скатов қазіргі таңда әлемдік рейтингте 308-орында тұр. Турнирдегі табысты өнері оның рейтингте алға жылжуына мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button