Спорт Министрі | Геннадий Головкин Қазақстан шорт-трек ұлттық құрамасымен кездесті
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Геннадий Головкин Қазақстан шорт-трек ұлттық құрамасымен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Астанада шорт-трек ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды.

Бас бапкер Петр Гамидов олимпиадалық маусымға арналған құраманың өзекті жұмыс жоспарын таныстырды.

Маман шорт-трекшілердің дайындық ерекшеліктерімен бөлісіп, құрамға Нидерландтан келген жаттықтырушы-кеңесші Вильма Бумстра, сондай-ақ жүйе және медициналық командалар кіретін жаттықтыру штабының жоғары деңгейін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында спортшылардың өтініші бойынша Геннадий Головкин жеке дайындыққа қатысты өз тәсілдерімен бөлісіп, жоғары бәсекелестік жағдайында психологиялық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын айтты.

«Олимпиадалық маусымда барынша жинақы болып, тәртіпті сақтап, дайындықтың әр кезеңіне толық көңіл бөлу қажет. Мақсатқа жету үшін тынымсыз еңбек пен жан-жақты дайындық керек. Ал төзімділік пен өз күшіңе деген сенімділік кез келген сынақтан өтуге мүмкіндік береді. Командамызға бірлікті сақтап, іріктеуде сенімді өнер көрсетіп, басты жарыстарда табысқа жетуді тілеймін», – деді Геннадий Головкин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button