ФУТБОЛ
«Астана» еурокубоктағы жорығын аяқтады

Қазақстандық «Астана» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның «Лозанна» клубынан екі матч қорытындысы бойынша жеңіліп, еурокубок маусымын аяқтады.
Қарымта ойында елордалықтар өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді.
Голдар:
48-минут – Лекоуейри
66-минут – Диаките
Ойын соңына таман «Астана» қорғаушысы Эбонг 86-минутта тікелей қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды.
Алғашқы кездесу Швейцарияда өтіп, 3:1 есебімен «Лозаннаның» пайдасына шешілген болатын. Осылайша екі матч нәтижесі бойынша 5:1 есебімен «Лозанна» келесі кезеңге жолдама алды.