
«Қайрат» Чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде Братиславаның «Слован» командасымен сырт алаңда кездесіп, плей-оффқа өтті.
Ойынның негізгі уақытында жалғыз голды 30-минутта «Слован» ойыншысы Мак соғып, матч 1:0 есебімен аяқталды. Қос кездесудің жалпы нәтижесі тең болғандықтан (алғашқы матч – 1:0, екінші матч – 0:1), жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Онда алматылық клуб 4:3 есебімен басым түсті.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері енді соңғы іріктеу кезеңінде Шотландияның «Селтик» командасымен жолығады.