ТЕННИС
Қазақстандық үш теннисші жасөспірімдер арасындағы “Ролан Гаррос” турнирінің іріктеу финалына жолдама алды

Алматыда теннистен Roland Garros Junior Series by Renault Qualifications West and Central Asia 2025 іріктеу турнирі аяқталды.
Қыздар финалында екі қазақстандық теннисші кездесті. Адия Омарбек Еркежан Жанатаевадан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.
Ұлдар финалында қазақстандық Мансұр Саинов өзбекстандық Акмаль Абдуллаевты 5:7, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Мансұр Саинов, Адия Омарбек, Еркежан Жанатаева және Акмаль Абдуллаев 2025 жылдың 13-19 қазаны аралығында Жапонияда өнер көрсетеді. Онда олар 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының негізгі жеребесіне берілетін wild card жолдамасын сарапқа салады.