Спорт Министрі | Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
БОКСТРЕНДТЕ

Бақыт Сейдіш Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші алтын медальға қол жеткізді.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақыт Сейдіш финалда өзбекстандық Ойши Таировадан басым түсіп, чемпион атанды.

Өкінішке қарай, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шұғыла Нәлібай финалда қытайлық Цзии Баоға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button