Спорт Министрі | Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде екінші орын алды
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде екінші орын алды

АҚШ-тың Норвуд қаласында өтіп жатқан Cranberry Cup International 2025 халықаралық турнирінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада екінші орынға ие болды.

Челленджер сериясына енетін бұл жарыста Софья 65,80 ұпай жинап, 20 спортшының ішінде үздік үштікке енді. Енді ол еркін бағдарламада сынға түседі. Әйелдер арасындағы еркін бағдарлама жарысы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Биылғы турнирге 20 елден 99 спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, Софья Самоделкина бұған дейін 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиадаға жолдама алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button