Спорт Министрі | Цинциннати турнирі: Елена Рыбакина камбэк жасап, үшінші айналымға өтті
ТЕННИС

Цинциннати турнирі: Елена Рыбакина камбэк жасап, үшінші айналымға өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингтің 10-шы нөмірі Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жарыс жолын жеңіспен бастады.

Екінші айналымда ол WTA рейтингінде 70-орында тұрған мексикалық Рената Сарасуаны үш сетке созылған кездесуде ұтты.

Матчтың алғашқы партиясында Рыбакина 4:6 есебімен ұтылып қалды. Алайда кейін камбэк жасап, келесі сеттерде 6:0, 7:5 есебімен басым түсті.

Ойын статистикасы:

  • Ұзақтығы: 2 сағат 22 минут
  • Рыбакина: 14 эйс, 4 брейк (16 мүмкіндіктен)
  • Сарасуа: 3 эйс, 1 брейк (8 мүмкіндіктен)

Келесі айналымда Елена әлемнің 22-ракеткасы – бельгиялық Элисе Мертенспен кездеседі. Мертенс өз матчында рейтингте 211-орындағы америкалық 19 жастағы Клерви Нгунуды камбэкпен ұтты – 3:6, 7:6 (7:3), 7:5. Бұл ойын 2 сағат 38 минутқа созылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button