Спорт Министрі | Қазақстан бокстан U19 қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан бокстан U19 қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button