Спорт Министрі | Қазақстан бокстан U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады
БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстан бокстан U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Отандастарымыз бес финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды.

Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек финалда Иран өкілі Али Чигриханиге жол берді.

70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Журакуловка есе жіберді.

80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.

85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Қыстаубай финалда Самир Сабировқа (Өзбекстан) жол берді.

Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар. Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button