ТЕННИС
Елена Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалында жеңіліске ұшырады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына бір қадам жетпей тоқтады.
Монреаль қаласында өткен жартылай финалда Рыбакина канадалық Виктория Мбокодан (WTA рейтингінде 85-орында) 6:1, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жеңілді.
Тартысты матч 2 сағат 46 минутқа созылды. Елена кездесуде:
- 5 эйс жасап,
- 1 қос қателікке жол берді,
- 13 брейк-пойнттың 7-еуін тиімді пайдаланды.
Бұл нәтиже Рыбакина үшін сәтсіздік болғанымен, оның Канада турниріндегі ойын үлгісі мен дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетті.