Спорт Министрі | Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-та өтетін турнирге қатысады
ҚЫСҚЫ СПОРТ

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-та өтетін турнирге қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина ISU Cranberry Cup International 2025 турниріне қатысады.

АҚШ-тың Норвуд қаласында өтетін бұл жарыс 7 тамызда басталады.

9 тамыз күні әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтеді.

Еске салайық, Самоделкина соңғы әлем чемпионатында 14-орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button