Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айының басында өткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы WBC тұжырымының чемпионы — доминикандық Карлос Адамеспен бірігу жекпе-жегін өткізуді көздейді.

«АҚШ-қа ұшып бара жатырмын. Қарашада жекпе-жекке дайын боламын! Адаместің соңғы мүмкіндіктері қалды. Егер ол келіспесе, мен титулдарымды басқа қарсыластарға қарсы қорғаймын. Сондықтан оған және оның менеджерлеріне айтарым — уақыттарың аяқталып келеді! Мен қарашаның басында дайын боламын», — деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында (X).

Жәнібек пен Адамес арасындағы ықтимал бірігу жекпе-жегі – орта салмақтағы басты оқиғалардың бірі болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button