ТЕННИС
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Теннистен 4-9 тамыз аралығында Чехияның Простеев қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды.
Қазақстан құрамасы B тобына түсті. Біздің команда бұл топта Германия, Жапония және Гонконг құрамаларымен кездеседі.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің намысын Ахмади Маханов, Хақназар Жеткербай және Әмір Асқар қорғайды.
Германия құрамасы — 2014 жылғы әлем чемпионы. Ал Жапония құрамасы 2011 жылы әлем чемпионатының финалисі атанған болатын.